Арыс қаласында орын алған апатты жағдайдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу барысында ақ халатты – абзал жандар да аянып жатқан жоқ, деп хабарлайды
«On’tu’stik» деп хабарлайды облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz».
Жарылыс болған аумақтағы кезек күттірмейтін істің бірі – денсаулық саласындағы қызмет. Арыстық дәрігерлер бұл мәселенің түйінін жедел әрі нақты шешуде. Өйткені, қиын жағдайда қалған жұрттың өз денсаулықарын күтуге мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан, бұл жерде дәрігерлер жұмысының қызатыны анық. Ал ақ халаттылар болса өз міндеттерінің үдесінен шығуда.
Арыс қаласы күн санап көркейіп, қауырт тірліктер қолға алынуда. Мемлекеттік құрылымдарда өздерінің іскерліктерін байқатуда. Әсіресе, бұл істе дәрігерлердің де еңбегі ерен. Өйткені, құрылысшылармен қатар, олар да уақытпен санаспай еңбек етуде.
Ерғали Әлімбаев — Аудандық аурухананың бас дәрігері: Арыстағы апат кезінде ауданның медициналық мекемелерінің ғимараттарына дабірқатарзақым келген. Мәселен, бүгінде Сырдария емдеу мекемесінде күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Өйткені, медициналық мекемелерде жұмыс тоқтамауы тиіс.
Үсей Мұратбеков — Арыс қаласының құрметті азаматы: Айтқандай, Арыс қаласындағы 66 әлеуметтік нысанды қалпына келтіру ісі «Самұрық Қазына» әл – ауқат қорына тапсырылған. Соның 54-і білім нысандары екен. Бүгінде аталған мекемелерде қызу құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Рахия Сүйінбаева — С. Адамбеков атындағы жалпы орта мектеп директорының орынбасары: Арыстың ақ халатты абзал жандары қиын сәтте тосылған жоқ. Қайта медициналық қызметті жандандыра түсті.Олай болатын да жөні бар. Өйткені, қандай жағдайда да дәрігерлерге артылатын жүк ауыр. Ал өз кезегінде олар да осы міндет үдесінен шығуды басты мақсат санайды.