Тамыз айы – жұмыс берушілер мен жас кадрлардың белсенділігі артатын мезгіл. Мәселен, Шымкент қалалық полиция департаменті жас мамандарға жақсы мүмкіндік сыйлады. Полицейлерге арналған конкурс қарсаңында, аталмыш департамент бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізген.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі Шымкент қалалық полиция департаменті ғимаратында өтті. Жәрмеңкеге келушілерге мамандар ішкі істер органдарындағы қызмет туралы толық мәлімет айтып берді. Үміткерлерге қойылатын талаптар, бос жұмыс орындар, ішкі істер органдары қызметкерлеріне берілетін әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы түсіндірілді.Тәртіп сақшысы атанам дегендерге мамандықтың қыр-сырын ұғындырды. Жәрмеңке барысында полиция қызметкерлері барлық келушілерге ішкі істер органдарындағы қызмет жағдайлары туралы толық ақпарат берді. Кадр саясаты басқармасының қызметкерлері түйіндеме қабылдап, жадынамалар таратты. Полицияға жұмысқа орналастырумен жоғары білім алуға ниет білдірген жастарға полицейлер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындарына түсу тәртібін түсіндірді.Бұл жылы ниетті жастардың саны басым.