Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЗАҢСЫЗ ЖАРНАМАЛАРҒА РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ

ЗАҢСЫЗ ЖАРНАМАЛАРҒА РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ

Енді Түркістандағы сауда орындарының сыртында заңсыз жарнамалар ілінбеуі керек. Себебі, қасиетті шаһар облыс орталығына лайық көркі көз тартар қалаға айналуы тиіс. Осыған орай, қала әкімінің өкімімен жауапты сала мамандарының қатысуымен сауда орындарында рейд жүргізілді.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Әсембектің материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Бүгінде Түркістанда мынадай түрі сүйкімсіз, тозығы жеткен заңсыз жарнамалар талайдан бері ілініп тұр. Сауда орнының басшылығы қасиетті шаһардың облыс орталығы болғанын ескермесе керек, жарнаманы жарқыратып іліп қоған. Жауапты сала мамандары кәсіпкерге ескерту жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сыртқы жарнаманы ілудің де өз реті бар. Салық кодексіндегі 604 бабында көрсетілгендей, сыртқы жарнаманы орналастыратын тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады. Кәсіпкерлер негізсіз жарнамамен қоса сауда нүктелерінің айналасын күл-қоқысқа толтырған.

Гүлжамал Даханова – Түркістан қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы: Қаламызда көптеген кәсіпкерлер өзінің күл қоқыстарын көшеге тастай береді. Біз қанша айтсақ та ол болмай жатыр. Арасында арнайы келісім шарқа отырған кәсіпкерлер де бар. Қоқысын кестеменен көлікке артып жатады. Қаламыз әлі таза қалаға айнала алмай жатыр. Әр кәсіпкер өз айналасын тазалап отыру керек. Міне біз соны ұйымдастырып жатырмыз.

Түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында кәсіпкерлер 2-3 күн ішінде жарнамаларын алып, тазалау жұмыстарын жүргізетінін айтты. Егер заң талаптарын орындамаған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 463-1 бабына сәйкес, 30-дан 50 айлық көрсеткішке дейін айыппұл төлейтін болады.

Пікір жазу