Міне, бала біткеннің базарына айналған жаз маусымының соңғы айына қадам бастық. Балалардың биылғы жазғы демалысына Шымкент қаласының бюджетінен 220 млн. теңге бөлінген. Ол, ата-ананың қамқорынсыз қалған, тұрмысы төмен, көпбалалы отбасы балаларын қала сыртындағы лагерлермен қамтуға қаралған қаржы. Ендеше, балалар бұл маусымды қалай өткізіп жатқандығы туралы, туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ұ.Нұрмаханның материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Балалар арманын асқақтатар «Арман» лагерінде бір маусымда 2500-ге жуық бала демалады. 8 ауысымнан тұратын демалыс орынында әр он күндікте 300 оқушы келеді. Мұндағы тәрбиешілердің бірі — Ақмади өз ісін жан тәнімен сүйеді. Ол 10 жыл бұрын өзі демалған орталықта қызмет жасап жүргенін мақтан етеді. «Жасөспірімдердің денсаулықтарын сауықтырып, өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты талап. Ал, шығармашылықтарын дамытып, өсіру — бүгінгі күннің міндеті»,- дейді.
Ақмади Отыншиев «Арман» лагерінің тәрбиешісі: Бұл орталықта оқушылар 5 мезгіл тамақтанып, әр түрлі шараларға қатысады. Ой-өрістері дамып, танымдық дүниелермен танысады. Жұмыс жоспарына сәйкес рухани білімдерін толықтырады.
Шаттық Алтынбек «Арман» лагерінің демалушысы: Білім беру ұйымдарының ақпараты бойынша 10500 оқушы ата-ананың көмегімен қала сыртындағы лагерлерде уақыттарын өткізсе, 131300 бала мектеп жанынан ашылған алаңдарда демалуда. Ал, аз қамтылған отбасылардың ұл-қыздары таулы аймақта «Арман», «Ерке», «Үшбұлақ» және «Ақсу» лагерлерінде балалықтың бал күндерін өткізуде. Олардың жалпы саны 7241 құрайды.