Отырарда Туған елге тағзым ететін азаматтар көп. Солардың бірі — ауылдағы ағайынның мұңын сейілтіп, аудан орталығынан балабақша салып берді. Шәуілдірдің шеткі аумағында орналасқан бөбекжай қазір жергілікті 100 баланы мектепке дейінгі мекемемен қамтып отыр. Киелі қара шаңырақтың орнынан салынған нысан Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде қолға алынған.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
«Ғалымның аты өшсе де, хаты өшпейді». Бұл теңеуді шәуілдірлік Келдібек Жабатаевқа айтуға болады. Киелі Отырар жерінде талай жыл ұстаз болып, кейінгі ұрпаққа саналы тәрбие берген азамат. Көзі тірісінде ауылдағы ағайын үшін балабақша салуды армандаған Келдібек ақсақалдың аманатын ұл-қызы орындап, өзі мекендеген қара шаңырақты қайта тұрғызып, бабекжай салды.
Ләззат Келдібекқызы – «Келдібек ата» балабақшасының құрылтайшысы: Балабақша құрылысына 80 миллион теңге қаржы бөлінген. Ашылғанына 2 жылға жуықтаған бөбекжайда жергілікті 20-дан астам азамат еңбек етуде. Қазір мұндағы 4 топқа 100 бала қамтылған. Ата-аналардың қуанышында шек жоқ.
Айсұлу Әмзеева – Шәуілдір ауылының тұрғыны: Айтып өтейік, қазір Отырар ауданында 26 мектепке дейінгі мекеме бар. Оның 6-уы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жұмыс істеуде