Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ИГІЛІГІН КӨРУДЕ

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ИГІЛІГІН КӨРУДЕ

Сұранысқа ие мамандық иесі атану оңай! Ол үшін «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысуға өтінім беруіңіз керек. Шәуірдірлік тұрғындар осы бағдарламасының шарапатын көріп, өз кәсібінің табысын арттырып отыр.

Гүлмира Еркінбекқызының кішкентайынан тігінге икемі бар. Бұған дейін, жеке кәсіпкердің қарамағында 4 жыл тігінші болған. Өз мүмкіндігіне сенген ол аудандық жұмыспен қамту орлалығы арқылы 3 айлық курсты оқып, грант жеңіп алады Соның нәтижесінде қазір  өз  тігін шеберханасын ашқан.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Р.Бақытжанқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Гүлмира Сансызбаева — Отырар ауданының тұрғыны: Нәтижелі жұмыспен қамту аясында былтыр 3 айлық курс оқығанмын. Грантпен қамтамасыз етіліп, 240 мың 500 тенге грант алып, осындай өз отбасымды асырап отыр. Қарамағымда бір адам бар. Елбасымызға рахмет, осындай жағдай жасап,грант бөлім елдің жағдайын жасап отырғанына. 

Ал, Гүлзира Жанбосынова-  мамандығы бойынша басқа кәсіптің иесі. Бүгінде сұранысқа ие шаштараздың қыр-сырын үйреніп, арнайы курсты аяқтаған. Қазір осы кәсіптен нәсібін айырып отыр. Бастысы — сұраныс көп, ал сұраныс бар жерде табыстың да артары   анық.

Гүлзира Жанбосынова – Отырар ауданының тұрғыны: Жұмысым өзіме ұнайды. Осы мамандықты оқығаным үшін өкінбеймін. Осы мамандықты былтырдан бері оқығандықтан осы мамандық бойынша істеп жатырмын. Дұмысым жақсы. Жоспарым шаштаразды ары қарай дамыту.

 Отырар ауданында «Еңбек» бағдарламасына қатысушылар саны артып отыр. Алдағы уақытта да жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша шағын несие беріп, әлеуметтік жұмыс орындарына сұранысқа ие мамандар тартыла бермек.

.

 

Пікір жазу