Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖƏНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА АЙРЫҚША КӨҢІЛ БӨЛІНЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖƏНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА АЙРЫҚША КӨҢІЛ БӨЛІНЕДІ

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов жергілікті кәсіпкерлердің проблемасын тыңдау мақсатында алқалы жиын өткізді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынға шағын және орта бизнес өкілдері, ірі кәсіпкерлер мен кәсіпкерлерге қолдау көрсететін ұйым басшылары қатысты.

Басқосуға қатысқандар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының орындалу барысын, жаңа жобалар мен оларды жүзеге асырудағы кедергілер туралы ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, проблемаларды шешу жолдарын талқылап, қала басшылығына ұсыныстарын жеткізді.

Ерлан Айтаханов қала экономикасы үшін кәсіпкерліктің маңызы зор екенін, сондай-ақ, Шымкентте шағын және орта бизнесті дамытудың әлеуеті зор екенін айтты.

Қала әкімі іскер азаматтарды қарапайым заттар экономикасы бағыты мен қала тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында ауылшаруашылық саласындағы жобаларды жүзеге асыруға да шақырды.

Жиын соңында Е.Айтаxанов кәсіпкерлердің қаламыздың дамуында алар орны ерекше әрі маңызды екенін атап өтіп, ауқымды көлемде тұрақты түрде кездесіп тұратындығын жеткізді.

Пікір жазу