Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ШАРДАРА: МЕДИАЦИЯ КҮНІН АТАП ӨТТІ

ШАРДАРА: МЕДИАЦИЯ КҮНІН АТАП ӨТТІ

Медиация күніне орай Шардара ауданында ашық есік күні өтті. Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға заң қызметкерлері мен ардагерлер қатысып ой-пікірлерімен бөлісті.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Р.Бақытжанқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Медиатор — тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес.  Бітімгердің функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады. Медиаторлардың бірі медиация мәселесі бойынша арнайы білім алып, тәжірибе жинақтаған кәсіби маман болса, ал енді бірі  олай емес. Заңда көрсетілгендей, медиаторлықты таңдаған адам өз қызметін кәсіби де, кәсіби емес негізде де жүзеге асыра алады. Ол үшін жоғары білімі мен жасының 25-тен асуы шарт.

 Орынша Қалшабекова – Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы: Бүгінгі таңда ауданда 16 медиатор бар. Бұл медиаторлар кешегі Қазыбек, Төле, Әйтеке сынды бимен шешендердің заңды жалғасы. Ел арасында түрлі дау-жанжал, келіспеушіліктер болып жатады. Аудандағы медиаторлар осы екі тарапты сотқа жеткізбей, бір-бірін татуластырып отыр.

Шардара ауданында ресми 16 медиатор тіркелген. Олар әрбір заң бұзушылықты бақылап, оларды қайта болдырмау үшін, азаматтардың ішінде бір-біріне деген араздастықтың алдын алып, жұмыс істеуде. Басқосу барысында  көптің көкейінде жүрген сауалды Гүлбану Машқалова ортаға салды. Ол алаяақтардың халықты алдауын тоқтатпайтындығын айтып, бұл ретте, құқық қорғау саласының мамандары тиімді жұмыс істеу керектігін айтты.

Гүлбану Машқалова – Шардара ауданының тұрғыны: Қоғамда алаяқтар көбейіп жатыр. Осы тұрғыда ішкі істер органдары қызметкерлеріне, сот, әділет басқармасына тұрғындар моральдық шығынын өтей алады ма? Ол адамдар табылады ма? Деген сауалдарды қойдым.

Акция соңында аудан көлемінде белсенді қызмет атқарған бірқатар медиаторлар марапатталды.

 

Пікір жазу