Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » БАЛАЛАР ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТАРЫН ТИІМДІ ӨТКІЗУДЕ

БАЛАЛАР ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТАРЫН ТИІМДІ ӨТКІЗУДЕ

«Нұр Отан» партиясы Арыс қаласының бүлдіршіндеріне қуаныш сыйлады! «Қазығұрт Турбаза» демалыс аймағында жазғы демалыстарын өткізіп жатқан бүлдіршіндерге арнап концерттік бағдарлама мен сый-сыяпат ұсынды. Айта кетейік, лагерьдегі 137 баланың демалуына жағдай жасаған Семей қаласының Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті болатын.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Р.Бақытжанқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

«Ормандағы болған оқиға ізмен» атты қуыршақ театрының қойылымы балаларды еріксіз ертегілер әлеміне алып барды. Жан-жануарлармен ән айтып, би билеген олар олармен достасып та алды. Мұнан соң Нұр Отандықтар дайындаған сый-сияпат пен  балмұздақ таратылды. Көңілді шара әрі қарай би кешіне жалғасты. Салқын ауа,  табиғаты келіскен таулы аймақ балаларды қуанышқа бөлеп, мәз- мейрам күйге бөледі.

Облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары міндетін атқарушы Қалыйма Жантөреқызы Арыстағы үйлерге барып, жай күйлерімен танысып, жөндеу жұмыстарының аяқталғанына куә болып қайтқанын жеткізді. «Бүгінгі біздің мақсатымыз — Арыстық балалардың  көңіл күйін көтеру. Бұйыртса, енді бұл балалар  демалыстан соң  аман-есен, жаңа үйлеріне  оралып, оқуларын беске оқиды  деген сенімдеміз»,- дейді партия өкілі.  .

Қ.Жантөреқызы – «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиал төрағасының  бірінші орынбасары міндетін атқарушы: Балалармен қауышып сөйлесіп жатырмыз. Бәрінің көңіл-күйлері жақсы. Кейбіреуі ауылына қайтқысы да келмей жатыр.

Демалушы балаларға барлық жағдайды жасап отырған Семей қаласының Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті қызметкерлері.  Олар арыстық балалардың уақытын тиімді өткізу үшін барын салған.

М.Әбубәкір — Семей қалалық Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы: Университетіміздің атынан 100 бала осында демалып жатыр. Балалардың көңіл-күйі өте керемет. Лагердегі директорлар риза болып жатыр.

«Нұр Отан» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы да бүгінгі шараға өз үлестерін қосып отыр. Арнайы театр ұжымын алып келіп, балалардың мәдени тынығуына жағдай жасады.

 

Пікір жазу