Шымкентте мейкатон байқауы ұйымдастырылмақ. Шараға Silkway халықаралық универсиетті мұрындық болып отыр. Оқу орнының қабырғасында мейкерлер 3 күн бойы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған прототипті жобаларды жүзеге асырмақ.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Адамзат өмірін жеңілдетуге бағытталған инновациялық марафон бірнеше күнге жалғасады. «Мэйкерлер» және «Нидоуэрлер», яғни өнертапқыш жастар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қоғамға аса қажет саналатын құрылғыны ойлап тауып, соны іс жүзінде жүзеге асыруға асық. Ең сәтті шыққан жоба шара соңында инвесторлардың назарына ұсынылады.
Ирина Эфимова – Silkway халықаралық университетінің ректоры: Осындай мейкатон сияқты шаралардың өтуі, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірлерін сапалы жақсартуға бағыттайды, қоғамдағы да мүгедектер мәселелерінің шешіміне көбірек көңіл аударады, олар да өз кезегінде сенімділік сезімін оятады.
Сайыс қатысушылары осыдан бір ай бұрын анықталған. Әзірге құрамында 5 адамнан тұратын 7 команда жасақталған.. Енді осы 35 адам мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсартуға арналған жоба жасақтайды. Уақыт 72 сағат.
Бибол Жақыпбаев – М. Әуезов атындағы ОҚМУ -дің жас ғалымдар кеңесінің төрағасы: Мейкатон байқауы Шымкентте бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Сондықтан болса керек, қатысуға ниет білдірушілер басым. Әлеуметтік бағытта сайысқа түскендердің жобалары ел дамуына үлес қосатыны сөссіз.