11 тамыз – Құрбан айт мерекесіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкіл имамымен өткен сұхбатты облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасай отырып жариялап отырмыз.
Барша мұсылмандар асыға күткен Құрбан айт мерекесі — тамыз айының 11-нен басталады. Ұлық мейрамда құрбандыққа мал шалу – Ханафи мәзһабында уәжіп саналған. Себебі бұл күн — адамдарды Аллаға жақын қылып, ренішті ұмытып, ауызбіршілікке шақыратын қасиетті мереке.
Құрбан араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді. Яғни, жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Құрбан айт — 2006 жылдан бері мемлекеттік деңгейде мерекелік күн болып жарияланған. Мұсылмандар мейрамы елді бірлікке, ынтымаққа шақырып, игі іске шақырады.
Мұсабек Ақтамберді — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкіл имамы:
бірінші айт мерекесін 11 тамыз күні қасиетті Құрбан айт намазын Түркістан облысы бойынша сағат 7:15 минт өткенде айт намазын оқитын боламыз.
Ұлық мерекеде адамдар шамасы келгенше құрбандыққа мал шалып, мұхтаждарға көмектессе мол сауапқа кенеледі. Құрбандық шалудың өз тәртібі бар. Оның етін үшке бөліп таратуға болады. Бір бөлігі өзіне, екіншісі ағайын-туыс, көршілерге, ал, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге таратылады.
Мұсабек Ақтамберді — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкіл имамы:
Құрбандық мал 4 түлік малдан шалынады. Түйе ірі қара мал, сонымен қатар уақ малдардың ішіндегі ешкі қой малдары сойылады.
Мерекелік іс-шарада айт намазынан соң, құрбандылық шалу рәсімі, одан соң, ұлттық және спорттық шаралар өткізілетін болады.