Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТАНДЫР ДАЙЫНДАП ТАБЫС ТАБУДА

ТАНДЫР ДАЙЫНДАП ТАБЫС ТАБУДА

Тандыр дайындап та табыс табуға болады. Оны Жетісай ауданының 78 жастағы тұрғыны Тұрғынбай Ізбасаров дәлелдеп отыр. Ерекше кәсіпті нәсіп көзіне айналдырған қария бүгінде тандырды тандырдың бес түрін басып, оны еліміздің өзге облыстарымен қатар көрші республикаларға да экспорттауда.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Жарылқасынның материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Тандыр дайындауды ата кәсібіне айналдырған Тұрғынбай қарияның қорасын кішігірім тандыр зауыты деуге болады. Себебі мұнда тұрған бес түрлі тандырдың  саны 100-ден асады. Көлеміне қарай бағасыда әртүрлі. Қарапайым нан жабатыны 5 мың теңге тұрса үлкендерінің құны 30 мың. Тандыр жабуға қажетті топырақ алдын Өзбекстанан жеткізілсе қазір Сарыағаш ауданынан әкелінеді екен. Ал, дайын өнімге сұраныс жоғары көрінеді.

Тұрғынбай қарияның тандыр дайындау цехында екі адам тұрақты жұмыс істейді. Оның бірі өзінің ұлы болса екіншісі жиені Акмал. Екеуіде тандыр басыудың қыр-сырын мықтап меңгерген. Алдымен сары топрақты иуін қандырып дайындап кейін ешкі мен қойдың жүнін қосып илейді. Одан кейін дайын болған сазды тандырдың көлеміне қарай жайып кептіреді.

А.Еркебаев – тандыр дайындаушы: Тандыр үш бөлек болады. мынау асты, одан кейін, үсті сосын аузын істейміз. Үшеуін бір күнде істеймін. Кепкенше үш күн өтеді. 

Негізінде тандырдың сапасы лайдың піскеніне тікелей байланысты. Сол үшін аталған істі қолға алғандар тандырды құрастырғаннан кейінді оны бір күн бойы арнайы құрылғымен сабайды. Ол тандырдың қалың болып кетпеуімен бос болып қалмауын қамтамасыз етеді.

 

Пікір жазу