Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІНДЕ» — ЖАҢА БАСШЫ

«ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІНДЕ» — ЖАҢА БАСШЫ

Бүгін Шымкент қалалық баспасөз қызметінде кадрлық ауыс-түйіс орын алды. 27 жылдық тарихы бар «Шымкент келбеті», «Панарома Шымкента» редакциясына жаңа басшы тағайындалды. Шымкент қаласы әкімінің шешімімен бұл лауазымға Бақтияр Тайжан лайықты деп танылды.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Директорды ұжымға қалалық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанар Бектаева таныстырды. Өз кезегінде білікті басшының іскерлік қабілетіне жоғары баға берді. Бақтияр Тайжан түскей жұртына бейтаныс емес. Ол   Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің аймақтағы тілшісі, облыстық  «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметін атқарған. Кейін бас басылым «Егемен Қазақстанның» Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі қызметтерін атқарды. Ұжым қызметкерлері мен журналисттер жаңа басшының қарым-қабілетін жоғары бағалап, ісіне сәттілік тіледі. Айтып өтейік, «Шымкент» ақпарат орталығы ЖШС-нің меншігінде екі газет бар. Онда ұзын-ырғасы 50-ге тарта маман еңбек етіп отыр.

 

Пікір жазу