Қала тұрғындарының қауіпсіздігі – басты назарда. Осы бағытта, Шымкент қаласында «Қауіпсіз аула» жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Бір аптаға жалғасқан мұндай шарада жергілікті полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бақылап, құқық бұзушылықты алдын алуға күш салды.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Н.Мұхамеджанұлының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Іс-шара барысында барлығы 814 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды, оның ішінде белгіленбеген орында сауда жасағаны үшін — 169, ұсақ бұзақылық жасаған-54, қоғамдық орындарда мас күйде жүрген -245, ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілінсіз жүрген кәмелетке толмағандарға қатысты-22, қаруды сақтау, алып жүру және қайта тіркеу тәртібін бұзған-7, тұрғынжайда тіркеусіз тұрғаны үшін-249 адамға хаттама толтырылды. Сондай-ақ жол ережесін бұзғаны үшін 1044 азаматқа әкімшілік шара қолданылды. Қазақстан Республикасында болу заңнамасын бұзудың 52, ал есепте тұрған тұлғалармен жасалған заңбұзушылықтың 5 фактісі тіркелді. Нәтижесінде анықталған заңсыздықтардың бәріне де тиісті шара қолданылды.