Шымкенттік ару жаңа сусабын ойлап тапты,деп хабарлайды облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz».
«Asyldyn shampuny» деген атпен шығатын тауардың құрамы 80 пайыз отандық өнімнен жасалған. Жас өнертапқыштың ендігі мақсаты — мемлекеттен қолдау тауып, кәсіпкер атансам дейді. Қолға алған ісін өркендетіп, ауқымын кеңейтпек ниетте. Қазірдің өзінде сусабындар еліміздің барлық аймақтарында сатылымға шығып, күн санап сұраныс артуда. Келесі бейнематериалда толығырақ.
Асылзат Смайылқызы 22 жаста. Мамандығы – филолог. Әйтсе де бұл іспен айналысқанына екі жыл болыпты. Мұндай өнімді шығаруға өз бойындағы қиындықтар түрткі болған. Өзінің айтуынша, шаштары жиі түсіп, тарауға мүлде келмейтін халге жетіпті. Дүкен сөрелеріндегі барлық сусабындарды пайдаланып көрген. Алайда еш нәтиже болмаған.
Сонымен «Asyldyn shampuny» деп аталатын тауардың құрамы отандық өнімдерден жасалған. Қара тмин мен күнжіт майы бар. Мұны сәбиден бастап, қарт кісілерге дейін қолдануға болады. Шаш түсуін тоқтатып, өсіреді. Сертификатталған. Бастапқыда өз отбасына арнап шығарған брендтті бүгінде қолданушылар саны артқан.
Өнертапқыштың алға қойған ендігі мақсаты – осы дүниесін өндіріске енгізу. Ол үшін мемлекет тарапынан қолдау болса» дейді. Қазақтың қарапайым қызының халыққа аса қажет осындай дүниені жасап шығуы қуанатындай –ақ жағдай. Мұны — отандық өнімнің ауқымын кеңейтуге ұмытылған игілікті іс деп бағалаған жөн. Қолдайтын да, үлгі алатын да шаруа осындай –ақ болар.