Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ МЕМОРАНДУМ

АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ МЕМОРАНДУМ

 Түркістанда өңірдегі 10 ардагерлер ұйымының мүшелері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Енді аталған құжат аясында барлық ұйым бірлесіп жұмыс істейтін болады. Әсіресе, жастар және елдің саяси һәм экономикалық жағдайын жақсарту бағытындағы істерде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарады. Ал, шыққан қорытынды мен талқылауға тиіс тақырыптар, ұйым жетекшілерінің басқосуларында нақтыланады.

Ардагерлер ұйымының басын біріктіруді көздеген меморандум бірнеше бағыттан тұрады. Ең әуелі салалық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты арттыру. Одан кейін елдік мәселелерде аға буынның бірінші болып бас көтеруін қамтамасыз алу. Сонымен қатар, кейбір келеңсіздіктердің алдын алу үшін тиісті орындарға хат жолдап керек болған жағдайда ашық қарсы тұруды ұйымдастыру. Қысқасы жаңа құжат шашырап жүрген ардагерлер қауымын ел ертеңі үшін жұмыла жұмыс істеуіне жол ашпақ.

Ж. Мәуленқұлов – облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы: Біз ешкімнен ештеңе сұрамаймыз. Қаржы сұралмайды. Қоғамдық негізде өздеріміздің өмірден  алған білім-біліктілігімізді жастарға жеткізіп, бірігіп жүріп елдің ертеңіне жұмыс істейік. Бірігейік деген сөз.

Бізде облыстық ардагерлер кеңесінен бөлек 10-нан астам ардагерлер ұйымы жұмыс істейді. Олардың әрқайсысының өз мүшелері алға қойған мақсаттары бар. Күні бүгінге дейін, барлығы өз бағыттары бойынша жұмыс істепті. Бірақ, шыққан нәтиже шамалы. Жалғыздың аты, жаяудың шаңы шықпайдының кері. Мәселен, облыстық ардагер судьялар кеңесінің 50-тарта мүшесі бар. Аталған ұйым жыл басынан бері көптеген іске мұрындық болды. Бірақ, талайы тасада қалып қойды.

10 кеңестің жетекшілері қол қойған құжат енді салалық ұйымдарда талқыланады. Одан кейін барлық ұйым мүшелерінің қатысуымен алқалы жиын ұйымдастырылып жұмыс жоспары бекітілетін болады.

 

Пікір жазу