Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ЕСКЕК ЕСУШІЛЕР ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ ТУРНИРЛЕРГЕ ҚАТЫСАДЫ

ЕСКЕК ЕСУШІЛЕР ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ ТУРНИРЛЕРГЕ ҚАТЫСАДЫ

21-25 тамыз аралығында Венгрияның Сегед қаласында дүиежүзінің ескек есушілері әлем чемпионатында бақ сынайды. Токио олимпиадасының лицензиялық жолдамасы сарапқа салынатын додаға Түркістан облысының спортшылары да қатысады.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ә.Дәулетбекқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Түркістан  облысының  ескек  есушілері биылғы лицензиялық  турнирлерге жоғары  дайындықпен  барады. Венгрияның Сегед  қаласында  өтетін әлем  чемпионатына  жерлестеріміз  Сергей Токарницкий, Ирина  Клинова мен Иван  Лукьянов, Евгений Алексеев жолдама  үшін жарыс  жолына  шығады. Байдарка  және  ескек есуден үздік  сегіздікке енген спортшылар  ғана Токио  олимпиадасының  жолдамасына  ие  бола  алады. Егер де  қазақстандық  саңлақтарымыз  әлем чемпионатында сегіздікке  ене  алмаған  жағдайда  келер  жылы Тайландта  өтетін  кезекті Азия чемпионатында жерлестеріміз  алтын  медаль  жеңіп  алуы  қажет. Сонда  ғана Жапонияда  алауы  жанатын жазғы  олимпиадаға қатыса алады.

 Төртжылдықтың  басты  додасы  олимпиада  ойындарының бағдарламасында  парканоэ спортынан  Қазақстан  ұлттық  құрамасының  намысын     түркістандықтар Бейбарс Спатай  мен Жаңыл  Балтабаева, Жалғас  Тайкенов сынды түркістандықтар  қорғайды.  Бұлар әлем  бойынша  үздік  ондықтың  қатарына  енген. Мұнда  да  алғашқы  алтылыққа  енген мүмкіндіктері  шектеулі спортшылар  лицензияға  ие  болады. Келер  жылы параконоэшы  спортшылар  үшін кезекті  әлем чемпионаты  өтеді. Онда үздік  төрттіктен  көрінген  саңлақтар олимпиаданың  жолдамасын  жеңіп  алады. Соңғы  кездері Түркістан облысында су  спортынан  салынған  база  академиялық ескек  есу  спортының  дамуына  да  жол  ашуда.

Д.ЖӘРМЕНОВ, Түркістан  облысының су спорт  түрлерінен  олимпиадалық  спорт  мектебінің  директоры:

    — Біз  академиялық  ескек  есуден Владислав Яковлевке  үлкен  үміт  артып  отырмыз. Біздің  облыста  салынған  база  шәкірттеріміздің  жетістіктерге  жетуіне  жол  ашуда.

Су  спортынан  олимпиадалық  спорт  мектебінің  бапкерлері лицензиялық  турнирлерге қатысу  үшін  шәкірттерге  әлемдік  талапқа  сай  оқу-жаттығу  жиындарының әдістерін  қолдануда. Азия  елдері  арасында  көш  бастаған  жерлестеріміз ескек  есуден  және  параканоэден,  академиялық  ескек есуден   үздіктер  қатарына  енген.Ал, Өзбекстанның Алмалық  қаласында белбеу  күресінен  аяқталған  жасөспірімдер  арасындағы әлем  чемпионатында Түркістан  облысының  жас  балуандары  жүлдемен  оралды. 24 елден  келген әлемдік  жарыста Қазақстан  ұлттық  құрамасы жалпыкомандалық  есепте 2- алтын, 4- күміс, 13  қола  еншіледі. Аға  бапкер Мақсат Уалбековтің  айтуынша, облысымыздан  жас  спортшы  ұл-қыздар  1 күміс және 4  қола  жеңіп  алған.

Пікір жазу