Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Ұлы даланың –ұлы Абайы

Ұлы даланың –ұлы Абайы

Биыл  Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлының дүниеге келгеніне 175 жыл толып отыр. Осы орайда, Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты Сарыағаш аудандық орталық кітапхана және аудандық балалар кітапханасы қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында «Ұлы даланың – ұлы Абайы» атты әдеби кеш ұйымдастырды. Кешті кітапхананың ең кішкентай оқырмандары Арипбаева Мадина, Тәжібекова Жасмин, Жұман Диляра, Жұман Әлия Абай өлеңдерін мәнерлеп оқумен ашты.

Әдеби кеште кітапхана қызметкерлері «Көзімнің қарасы» әнін хормен орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Абай –ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері түседі. Тәжібекова Жасмин он алтыншы қара сөзін, Мұстапаева Жадыра бірінші қара сөзін оқып, мағынасын талдап берді.

Кештің мақсаты Абай Құнанбаевтың өлеңдерін, қара сөздерін өскелең ұрпаққа дәріптеу, үлгі-өнеге ету, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.

Пікір жазу