Төлеби ауданы әкімінің 2019 жылға «Аудан аумағында орналасқан шаруашылық нысандарында кешенді және нысандық оқу жаттығулар» өткізу жоспарына сәйкес, бүгін 15 тамыз күні Қаратөбе ауылдық округіне қарасты «Айым» балабақшасында «Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау және өрт орын алған жағдайда персоналдың іс-қимылы» тақырыбында нысандық жаттығу өтті.
Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Нысандық жаттығу аясында «Айым» балабақшасының басшы құрамы мен тәрбиешілері 4 топқа әр-түрлі тақырыптарда балалар үшін – ойындар өткізіп, қоршаған ортадағы қауіпсіз жүріс-тұрыс жөніндегі ертегілер мен балаларға арналған кітаптарды тыңдауды ұйымдастырды.
Ашық сабақтар соңында «ӨРТ ДАБЫЛЫ» беріліп балаларды ғимараттан қауіпсіз жерге іс-жүзінде көшіру шаралары пысықталды.
Балабақша ұжымы нысандық жаттығуға сапалы дайындалып ауданның Төтенше жағдайлар сала мамандарынан төтенше жағдайларға «ДАЙЫН» деп бағаланды.
Мұндай сабақтарды жас бүлдіршіндерге жастайынан өткізіп, бойларына сіңіру өте маңызды.