Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТӨЛЕБИ: ЗЕРТАС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ

ТӨЛЕБИ: ЗЕРТАС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ

Төлеби ауданы әкімдігінің түзген үшжақты 2019 жылы іске асырылатын жұмыстар туралы келісімінің жобасындағы индикаторлардың орындалу бағытындағы Зертас ауылдық округі бойынша 7 айында атқарылған жұмыстар легі:
Қазіргі таңда барлық ауылдық округтерде егінге орақ түскен. Зертас ауылдық округінде масақты дақылдардың егіс көлемі биылғы жылы 1080 га құрайды. Егін науқанына биыл 12 комбайн қатысты. Бүгінгі күнге дақылдар толығымен жиналған. Егінге орақ түскелі 220 га арпа, 860 га бидай орылды. Көктемгі ауа райының жауын-шашынды болуына байланысты, биылғы түсімі жаман емес. Зертастықтар егілген орташа 20 ц/га өнім жинады. Жиналған астық көлемі 2052 тоннаны құрады.

Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.


Күннің ыстығына қарамай механизаторлар техникаларын майлы дақылдарды оруға дайындау барысында.
Бұған қоса, биыл округ бойынша 800 гектарға мақсары егілді. Жақын арада майлы дақылдарды ору жұмыстары басталады. Орта есеппен шаруа қожалық иелері майлы дақылдан кемінде 10 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр.
Қарқынды бау шаруашылығын дамыту бойынша, Ж.Сапаров -5,8 га; О.Абдраимов- 17,9 га тамшылатып суғару әдісімен алма бау еккен.
Жылыжай шаруашылығын дамыту бойынша:
— Ж.Анафияев 0,5 га жерге жылыжай құрылысын аяқтап, қазіргі таңда қияр өнімін өсіруде;
Ауылшаруашылық техникаларын жаңарту бойынша 4 бірлік болса, орындалуы нақты 100% құрап отыр.
-«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2019 жылға 1 бас асыл тұқымды бұқа болса, орындалуы 500% -ды құрап, О.Жанаева 5 бас асыл тұқымды бұқа алды.
-«Алтын орақ» бағдарламасы бойынша 2 бас асыл тұқымды қошқар болса, ЖК С.Мамбеталиев 30 бас асыл тұқымды қошқар алып, тапсырма артығымен орындалып отыр.
Ветеринарлық іс — шараларды уақтылы және сапалы орындау үшін округте ветеринарлық қызмет көрсету мекемесі жұмыс атқаруда.
Шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлікті дамыту бойынша жеке кәсіпкер А.Мамырбекова 150 бас мал бордақылау алаңын ашып, 10 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Кәсіпкерлік саласына инвестиция тарту бойынша 250 млн. теңге болса, қазіргі таңға 160 млн инвестиция тартылып, жұмыстар жалғасуда.

Пікір жазу