Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОРДАБАСЫЛЫҚ 404 ОҚУШЫ ТЕГІН ДЕМАЛАДЫ

ОРДАБАСЫЛЫҚ 404 ОҚУШЫ ТЕГІН ДЕМАЛАДЫ

Оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Ордабасы аудандық білім бөлімі тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп, мектеп жанындағы лагерьлерге 5- маусым мен 1 шілде аралығында 16890 бала қамтылды.

Соның ішінде асханасы бар 38 мектепте бір мезгіл тамақпен күндік лагерьлер ұйымдастырылып, 3150 бала демалды.
Биыл қала сыртындағы лагерлерге әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасының 404 баласын қамту үшін аудандық бюджет есебінен 14 млн.140 мың теңге қаралды.

Қазіргі таңда Төлеби ауданы Қасқасу ауылындағы «Көктөбе» және Біркөлік шатқалындағы «Біркөлік» жазғы сауықтыру орындарында ауданымыздан 197 бала демалуда. Маусымына қарай алдағы айда тағы 207 бала келеді деп күтілуде. Аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитеті есебінен 50 пайыздық жеңілдікпен 50 балаға, ата аналардың есебінен 132 балаға жолдама үлестірілген.
Сауықтыру лагерьлерінде балалардың уақытын тиімді пайдалануға барлық жағдай қарастырылған. Тіпті, бейімділігіне орай мұнда IT сабақтары, спорттық , қолөнер үйірмелері ұйымдастырылған. Күнделікті іс-шаралар демалушы шәкірттерге жақсы көңіл-күй сыйлап, олардың жаңа қырынан танылуына ықпал етуде.

Пікір жазу