Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КЕЛЕС: ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

КЕЛЕС: ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Республика аумағында полиция өкілдерінің қатысуымен «Жолда қабылдау акциясы» өтті.

Бұл туралы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Акция 16 — 17 тамыз күндері Келес ауданы аумағында аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметкерлерімен Абай ауылының орталық көшесі бойында тұрғындармен ашық сұқбат өтті. Бұл шараның мақсаты — азаматтарымыздың әр түрлі сала бойынша құқықтық сауатталығын арттыру болып табылады. Шара аясында тұрғындар өздеріне қатысты қандай да бір мәселемен келген азаматтардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Шара аясында 47 азамат өз сұрақтарын қойып, ұсыныс тілектерін білдірді. Қабылдауға қатысқан тұрғындардың дені жүргізуші куәлігін қалай алуды, автокөлікті өз атына тіркеу сондай-ақ ішкі істер құрамына қалай жұмысқа тұру мен бейнекамералар орнату бойынша ұсыныстарын айтты.

Жалпы, соңғы жылдары «Жолда қабылдау» акциясын өткізудің тиімді тұстары көбірек көрініп, тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарға тиісті мамандардың кеңсесін тоздырмай, акция аясында барлық қажетті кеңестерін алуда.

Пікір жазу