Арыс қаласындағы №10 секторда 28 үй сүріліп, қайта салынуда. Шымкент пен Кентау қалаларына тиесілі аумақта қазір 500-ге тарта құрылысшы тәулік сағатымен санаспай еңбек етуде. Жаңарған үйлер мен тазарған көшеге жергілікті тұрғындар разы.
Шымкент пен Кентауға тиесілі 10-шы секторда 600-ден астам үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазір құрылыстың 80 пайызы біткен.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Сәкен Байниязов – Шымкент қаласы құрылыс басқармасының бөлім басшысы: Біз ерте бітіруге тырысып жатырмыз. Құрылысшылар да тынбай еңбек етуде. Біз осылай істейміз,-деп қатып қалған қағида емес, халықпен ақылдасып, қоян-қолтық тығыз жұмыс істеп отырмыз. Өйткені ертең бұл үйлерде тұратын солар, сондықтан ел риза болуы керек. бізге басшылардың берген тапсырмасыв солай, тек халық ризашылығын назарға ұстап отырмыз.
Жұмыстың негізгісін 11 мердігер мекеме жүргізіп жатыр. Солардың негізгісі – «Отау Строй» ЖШС. Қазір компания 110 үйді қалпына келтірген. Тағы 4 үйді сүріп, қайта салуда. Бұл іспен 100-ге тарта жұмысшы айналысып отыр.
Темірлан Нұрбеков – «Отау Строй» ЖШС прорабы: Негізінен шатырларын ауыстырып, терезелерін қайтып салып беріп жатырмыз. Жұмысшылар барынша жұмыс істеп жатыр. Бізге ең алдымен осы тұрғындардың алғысы керек. біз осы жолда қазір жұмыс істеп жатырмыз. Халық та разы.
Тындырымды тірлікке тұрғындар разы. Үйі қайта тұрғызылғандардың бірі – Қарлығаш Айболова. 3 перзенттің анасы қиын сәтте қарайласқан елге, мемлекеттік саясатқа алғыс айтып отыр.
Қарлығаш Айболова – Арыс қаласының тұрғыны: Міні, раххмет, 1 аптада үйім бітті. Шатырын ауыстырып, терезесін жаңадан салып берді. Алғысымды айтам. Қазір енді 100 мың теңгеден ақша алуға әрекет етіп жүрміз. Оны да ай соңына дейін алып қаламыз.
10-шы сектордағы жұмыс тамыздың басында бітеді. Ал қайта тұрғызылатын үй иелері үшін шыдамдылық танытуға тура келеді. Бұйырса, келер айдың ортасында осы аумақтағы жұмыс толық тапсырылады деп жоспарлануда.