Бүгін «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кезекті қоғамдық қабылдау өткізілді. Қоғамдық қабылдауға Нұранов Асланбек Тұрабекұлы — «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары; Сарсембаев Мұратжан Сәлікбайұлы – Аудандық мәслихаттың депутаты;
Қуанышбеков Бахытжан Шераханұлы — «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының кеңесшісі; Беріков Мейірбек – Аудан прокурының аға прокуроры;
Айдарбеков Асқар – Аудандық мәслихаттың депутаты; Әміров Айбек – «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының сарапшысы қатысып, өтініш иелерін тыңдады. Қабылдауда бірнеше мәселелер қаралды, оның ішінде көшені жарықтандыру және жол ережелерін сақтауға арналған белгілерді орнату, атаулы әлеуметтік көмек, жер учаскесіне мемлекеттік акт алу жолдары жөніндегі сұрақтар көтерілді. Әр бір келіп түскен өтініштің оң шешімінің табылуына ықпалын етіп, «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалы алдағы уақытта да мемлекеттік мекемелер, бизнес-қауымдастықтары, үкіметтік емес ұйымдармен, соның ішінде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық мекемелерімен бірлесіп азаматтардың мұқтаждықтарын шешуге дайын екендігін көрсетті.