Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КЕНТАУДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

КЕНТАУДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде өз жалғасын тауып келеді. Акцияның басты мақсаты балаларды орта біліммен толық қамтылуына жағдай туғызу. Акцияға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Расұл Самат Әбдімүтәліұлы, Нұр Отан партиясының Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асылбеков Сағынбек Жақсыбекұлы және қалалық білім бөлімінің басшысы Ауелбеков Әділ Арысбайұлы қатысып балаларға деген ізгі тілектерін білдірді.

Бұл акция тамыз айынан бастап қыркүйек айының 31 не дейін жалғасын табады. Бүгінгі таңда жергілікті бюджет есебінен 349 бала қамтамасыз етілді. Одан бөлек демеушілер есебінен 400 бала қамтылып отыр. Акция барысында балалар мектеп формасы, аяқ киім, спорттық киімдер, сумка және мектепке қажетті құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Казіргі таңда 800 бала қамтылып отырса, қыркүйек айының аяғына дейін оданда көп бала құрал жабдықтармен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар акцияға қалалық орталық мешіті , НұрОтан партиясы, әкімдік және кәсіпкерлер ат салысуда.

Пікір жазу