Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ӘКІМНІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

ӘКІМНІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

Түркістан облысы, Ордабасы аудандық Жастар сарайында Қажымұқан ауыл округінің әкімі Саттархан Өтебаевтың 2019 жылдың 6 айда атқарылған жұмысы бойынша есебі және 2019 жылғы алда тұрған міндеттері туралы баяндамасы тыңдалды.

Есептік жиынға аудан әкімі Әліпбек Өсербаев, бөлім басшылары, аудан тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. Саттархан Батырханұлының мәлімдеуінше, қаржының игерілуі – 2019 жылы Қажымұқан ауыл округі аппаратына бюджеттен 156 миллон 345 мың теңге қаралып 100 пайызға игерілген. Қаралған қаржыларға толығырақ тоқталып өтсек, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппаратына 16 миллион 831 мың теңге қаралып, қаралған қаржы толығымен орындалған, ал, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 134 миллион 254 мың теңге қаралып, толығымен орындалған, көше жарығына 1 миллион 110 мың қаралса, абаттандыруға 4 миллион 150 мың теңге қаралып, толығымен орындалған.


Сонымен қатар, ауыл округі бойынша бөлшек сауда тауар айналымымен айналысатын 141 дүкен бар. 2018 жылда 2 дәмхана, 5 азық түлік дүкені, 1 тойхана, 1 тіс емханасы, 1 балабақша ашылып, 72 адам жұмыспен қамтылған.

(Ә.Ә.)

 

Пікір жазу