Бүгін Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Мәдениет сарайында «Адами капиталды дамытудың көзі ретінде қазақстандық білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбында өткен Түркістан облысында педагог қызметкерлердің облыстық Тамыз кеңесінен…
Жаңа оқу жылынан бастап, үш жаңа пәндер енгізіледі. Атап айтқанда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Кескін және жобалау», «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» пәндері оқытыла бастайды, жаңа бағдарламаға сәйкес 9-сыныптарға «Құқық негіздері» пәні енгізіліп отыр.
Биыл жаңартылған мазмұнға 4, 9, 10-сыныптар өтеді, ал 11-сыныптардың келесі жылы өтуіне байланысты республиканың 30 мектебінде апробация жүргізіледі. Оқушылардың білім деңгейін көтеру мақсатында өткен жылы екі ауданның оқушыларына білім деңгейлеріне экспримент жасалынған. Нәтижесінде, жоғары көрсеткішке ие болды. Осындай аса күрделі әрі көлемді эксперимент елімізде бірінші рет өткізілді.
Жастарымыздың бойындағы адами қасиеті мен сапалы білімі Түркістан өңірінің дамуының түп қазығы екенін ескере отырып, тәжірибе жөнінде өңірде ұйымдастырылды. Соның арқасында облысымызда білім саласында жеткен жетістіктер саны артқан.