Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТІ АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ Д.ҚЫДЫРӘЛІ АРЫС ҚАЛАСЫНДА

«ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТІ АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ Д.ҚЫДЫРӘЛІ АРЫС ҚАЛАСЫНДА

Қазіргі таңда Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Осы орайда, бүгін Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты тарих ғылымдарының докторы, Халықаралық түркі академиясының Президенті және «Егемен Қазақстан» республикалық газеті акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы қаламызға арнайы іс-сапармен келіп, бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, қаланы қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.

Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сапар барысында Дархан Қуандықұлы тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, қаланың үлкен құрылыс алаңына айналып, біраз күрмеулі мәселелердің түйіні оңынан шешіліп жатқанына қуанғанын айтып, қиындықты елмен бірге еңсеріп жүрген қала әкімі Мұрат Қадырбекке алғысын білдірді.
Жалпы Арыс қаласында тұрғын үй саны – 8626. Төтенше жағдайдан кейін жөндеу жұмыстарын қажет ететіні 7616 құрайды. Ал 463 баспана толық қалпына келтірілмек. Соның ішінде жаңадан 460 жеке тұрғын үй мен 3 көпқабатты үйді қайта соғу жұмыстары жүргізілуде.

Пікір жазу