Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДАҒЫ 15 СЕКТОР ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАП АС БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 15 СЕКТОР ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАП АС БЕРІЛДІ

Түркістан қаласын дамыту жоспарына сәйкес облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен қала аумағы 16 секторға бөлініп, оларға жауапты ретінде облыстың аудан, қалалары мен облыс әкімдігіне қарасты басқармалар бекітілген болатын. Жетісай ауданы мен облыстық қоғамдық даму басқармасы қаладағы 15 сектор жұмыстарына жауапты ретінде танылған. Бүгін 15 сектор штабы орналасқан Бірлік елдімекенінде Жетісай ауданы мен Қоғамдық даму басқармасы қала тұрғындарына арнап дастархан жайып, құран оқытты.

Оған Жетісай ауданының әкімі Ж. Бейсенбаев, Түркістан қаласының әкімі Р. Аюпов, Қоғамдық даму басқармасы басшысының м. а. Д. Жүнісов, Түркістан қалалақ ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж. Әзіретбергенов, ҚМДБ Түркістан облыстық өкілі М. Ақтамберді және ауыл ақсақалдары мен сол аумақтың тұрғындары қатысты.
Алдымен, елдімекен аумағындағы бұлақ басына барып құран оқытып, құрбандық шалып, сектор аумағындағы тұрғындарға құрбандыққа шалынған мал еті таратылды. Тұрғындар арасында «Алан бұлақ» аталып кеткен бұл қасиетті орынның суы жылдың барлық мезгілінде бір қалыпта ағып, тұрғындар мен жолаушылардың шөл басар тұрағына айналған.


Қазақы дәстүр мен салтқа сай жиынды қалалақ ардагерлер кеңесінің төрағасы Әзіретбергенов Жарылқасын ақсақал ақ батасымен ашып берді. Одан соң сөз алған Жетісай ауданының әкімі Ж.Бейсенбаев Бірлік тұрғындарын көгалдандыру, тазалық жұмыстарына белсене атсалысуға шақырды. Қазіргі таңда ауданнан келген арнайы мамандар сектор аумағындағы барлық көшелерге зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатқандығын, алдағы күз айларынан бастап абаттандыру жұмыстары басталатындығын жеткізді. Сонымен қатар Түркістан қаласының әкімі Р. Аюпов қаланың жаңаша бағытта дамуына үлесін қосып жатқан аудан, басқарма басшыларына алғысын айтып, Түркістан шаһары қала тұрғындары мен келген туристер үшін жайлы, қауіпсіз қалаға айналатындығын айтты. Өз кезегінде жергілікті тұрғындар Жетісай ауданы мен қоғамдық даму басқармасы басшылығына алғыстарын айтып, Түркістанның түрленуіне өз үлестерінде қосатындығын жеткізді.
Жалпы 15 сектор аумағына қарасты елдімекендердегі 57 көшеде 1282 тұрғын үй бар. Алдағы уақытта сектор аумағындағы барлық көшелер ретке келтіріліп, ауа-райының қолайлылығын тудыру үшін талдар егіліп, абаттандыру жұмыстары тұрақты жүретін болады. Қазіргі таңда жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында әр көшеге бір белсенді тұрғын жауапты болып бекітілді.

 

Пікір жазу