Сайрам ауданында каналдар тазартылып, су арналарының көздерін ашу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz».
Сайрам ауданы бойынша ауылшаруашылығы суармалы жерлерінің көлемі 18500 Га құрайды. Олар толық игерілуде. Ағын су суармалы жерлерге коммуналдық меншіктегі 47 канал және жеке меншіктегі 5 канал арқылы жеткізіледі. Алайда су арналарын жылдар бойы қамыс басып, жағалауларының тарылуы олардың су өткізу қабілетін нашарлатқан. Нәтижесінде шаруалар ағын судан таршылық көрген. Аудан әкімі БақтиярМамаев аудан тұрғындарының ағын суға деген сұранысын ескеріп, аудандық бюджеттен 34 млн.тг.қарастырып, осы жылдың маусым айында аталған қаржыға «HENGTE» HT 145 W маркалы эксковатор сатылып алынды. Аталған техника коммуналдық меншікке енгізіліп, қазіргі таңда онымен каналдарды механикалық тазалау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жалпы, эксковатордың іске кіріскелі екі айдың көлемінде 11 шақырымнан астам канал тазаланды. Нәтижесінде 356,5 Га ауылшаруашылығы жерлерінің су беру қабілеті жақсарды. Аудан басшысының бастамасымен келесі жылы тағы бір дана эксковатор алу жоспарлануда.