Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » СПОРТ ДЕГЕН БІР СИҚЫР

СПОРТ ДЕГЕН БІР СИҚЫР

Бұқаралық спорт – бұл ұлт саулығы, үлкен спорт, ел абыройы. Елімізде тамыз айының үшінші жексенбісі әр жыл сайын бүкілхалықтық «спорт күні» ретінде тойланады. Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған спорттық мереке бүгін ауданымызда да кең көлемде аталып өтілді.
Спорт саласы мамандарының кәсіби мерекесіне Отырар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Әбдіғали Жүнісов пен аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов арнайы қатысып, аудан спортшыларын төл мерекелерімен құттықтады.

Бұл туралы Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.


Бүгінде аудан спортын еліміз бен халықаралық ареналарда танытып жүрген жас спортшыларымыз жетерлік. Мәселен, Еркін күрестен ауыл спортшылары арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпазы Рахат Қуатұлы, Белбеу күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жұмажан Әзімжанұлы, Қазақ күресінен ҚР чемпионатының күміс жүлдегері Әділ Серікұлы, Қазақ күресінен ҚР чемпионатының қола жүлдегері Жасұлан Жеңісханұлы, Грепплингтер Азия Ореn жарысының қола жүлдегері Әлихан Біржанұлы, Тоғызқұмалақтан ҚР Біріншіліктерінің жеңімпазы Гүлназ Ерболқызы, волейболдан ҚР чемпионатының жүлдегері Құндызай Әбілбекқызы, Үстел теннисінен ҚР чемпионатының жүлдегері Мәди Қалиұлы, Баскетболдан спорт шеберлігіне үміткерлер Жантолқын Дүйсенбайқызы мен Ақерке Асқарқызы секілді спорт саңлақтарының есімін мақтанышпен айтуға болады.


Мерекелік шара барысында спорт саласының қызметкерлері мен аудан спортына еңбек сіңірген жаттықтырушылар және бір топ спорт саңлақтары аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, мерекелік жиында облыстық спорт басқармасының, аудандық мәслихат хатшысының, «Нұр Отан» партиясы Отырар аудандық филиалының құрмет грамоталары мен спорт бөлімінің алғыс хаттары да табысталды.
Сонымен қатар, шарада «Отырар қорғанысына 800 жыл» толуына орай ұйымдастырылған 40 жастан асқан ардагер спортшылар арасында футзалдан өткен Отырар ауданы біріншілігінің жеңімпаздары мен үздік ойыншылары да анықталып, бағалы сый-сыйапатқа ие болды.
Мерекелік шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Пікір жазу