Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Спорт күнінде Шымкентте бірқатар азаматтар марапатталды

Спорт күнінде Шымкентте бірқатар азаматтар марапатталды

Спортшылардың төл мерекесін Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекемелердің қызметкерлері ерекше салтанатпен қарсы алды. Алдымен Қажымұқан атындағы орталық стадионда футболдан спартакиада басталды. Оған 20-дан астам команда қатысып өзара жеңімпаздарды анықтады.

Аса тартыспен өткен доп додасында балуандар, боксшылар, суға жүзу шеберлері, волейболшылар, ауыр атлеттер, шаңғышылар, жеңіл атлеттер, ескекшілер, оқ атушылар, теннисшілер,стадион командасы, ШВСМ, футболшылар, басқарма қызметкерлері өз командасының намысын қорғады.

Қорытындысында 1-орынды «Оңтүстік футбол академиясы» ұжымы жеңіп алды. Ал 2-орынды № 12 БМЖСМ спорт мектебі, 3-орынды Орталық су спорты кешенінің командасы иемденді.

Бұдан соң Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев жыл бойында спорт саласында жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүрген үздіктерді арнайы сыйлықтармен марапаттады. Сонымен бірге ҚР жазғы спорт түрлерінен 5 спартакиада барысында жүлделі екінші орынды жеңіп алған сала мамандарына Республикалық спорт комитетінің төс белгілерін, қала әкімінің алғыс хаттарын табыс етті.

Ерекше салтанатпен өткен жиында спартакиада жеңімпаздары да қомақты сыйлықтарға ие болды. Жүлделерді қалалық мәслихаттың депутаты Ермек Дәрменов, олимпиада резервін даярлау орталығының басшысы Бауыржан Тұманбаевтар табыс етті.

Пікір жазу