Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ БАРЫСЫНДА 561 АДАМ ӨЗ СҰРАҚТАРЫНА ҚАЖЕТТІ ЖАУАПТАРЫН АЛДЫ

ШЫМКЕНТ: «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ БАРЫСЫНДА 561 АДАМ ӨЗ СҰРАҚТАРЫНА ҚАЖЕТТІ ЖАУАПТАРЫН АЛДЫ

2019 жылғы 16 тамыз күні таңғы сағат 9-00-ден кешкі сағат 19-00-ге дейінгі уақытта Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері өткізген «Жолда қабылдау» акциясы барысында 561 адам келіп, өз сұрақтарына қажетті жауаптарын алды.

Бұл туралы  «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен екі күн бойы, яғни 2019 жылғы 16-17 тамыз күндері республика көлемінде «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауатын және олардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету. Қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту. Азаматтардың жеке түсініктері мен жауапкершіліктерін сезіндіру, жол апаты келеңсіздіктерін алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, миграциялық заңдылықты сақтау, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру.

«Жолда қабылдау» республикалық акциясы 17 тамыз күні сағат 9-00-ден кешкі сағат 19-00-ге дейін жалғасты.

Пікір жазу