Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкентте заңсыз ойын бизнесіне тосқауыл күшейді

Шымкентте заңсыз ойын бизнесіне тосқауыл күшейді

Шымкентте ойын терминалдарының жұмысына тосқауыл қойылды. Бұл туралы «didarbek.kz» ақпарат агентті Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкентте жыл басынан бері заңсыз ойын бизнесі қылмысының 26 дерегі анықталған. Қазіргі таңда аталған қылмыстық істің 8-і өндірісте болса, 18-і сот қарауына жолданған. Департамент қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 79 дана телевизор, жүйелік блоктар (167), моноблок (13), монитор (185), шот принтер (17 дана), модем (18), ойын терминалдары (48), «бинго» аппараты (21), бейнерегистратор (9) тәркіленген.

Бұдан бөлек, департамент тарапынан қала аумағындағы 58 сауда дүкен иесіне «жасыл-сары» ойын терминалдарын қою бойынша ескертпе хаттары жолданған. Қазір ойын терминалдарының жұмысына тосқауыл қойылған.
Профилактикалық тұрғыда жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде заңсыз ойын бизнесімен айналысатын 5 веб-сайт анықталып, бұғатталған.
Сала мамандары заңсыз ойын бизнес өкілдері мемлекетке салық төлемейтінін айтады. Сонымен қатар, заңсыз ойын автоматтарына орнатылған арнайы бағдарламаны жеңу мүмкін еместігін халық түсінсе, дейді.

Пікір жазу