Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкенттік дәрігерлер балаларды тегін сүндеттеу науқанын өткізуде

Шымкенттік дәрігерлер балаларды тегін сүндеттеу науқанын өткізуде

Шымкентте «Асар» шағынауданында орналасқан қалалық ауруханада кезек күткендер көп.  «Сүндеттеу» науқанына қатысып, өз балаларын мұсылмандыққа тегін отырғызуға ниет еткен ата-аналар легі толастар емес. Халық лық толы боларын күтпеген ұйымдастырушылар, көпбалалы отбасыларға үлкен көмек екенін алға тартады.

«Көпбалалы және мүгедек балалары бар отбасылар үшін бұл үлкен жәрдем. Бүгін бізде бірінші күн. Ниет білдірушілер жоспарланғаннан көп болды, бірақ барлығы іс-шарамен қамтылатын болады. Мүмкін, бүгін барлығын қабылдамаймыз, бірақ біртіндеп ниет білдірушілерді қамтитын боламыз. Бұл акция жылдың соңына дейін жалғасатын болады», — дейді Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының ана мен баланы қорғау бөлімінің басшысы Инна Глазебная.

Дәстүрлі түрде, медициналық ұйымдарда, кесу қызметі ақылы негізде көрсетіледі. Оның құны орта есеппен 10-15 мың теңге. Өкінішке қарай, аталған ұйымдарда тегін қызмет көрсетілмейді. Мамандар білікті хирургтардың қызметі сенімді деп кеңес береді.
Бұған дәлел,бір күнде екі жүз бала сүндеттеуге операция жасалды. Олардың ешқайсысында да асқынулар байқалмайды. Келесі «Сүндет» акциясы қашан өтетіні туралы қалалық балалар клиникалық ауруханасының instagram-дағы (@detbolasar) парақшасынан білуге болады.

Пікір жазу