Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова Шымкенттегі жұмыс сапары аясында үйінен кәсіп ашып, мемлекеттік қолдаумен оны дөңгелетіп отырған Тілләгүл Қарсыбаеваның шаңырағында болды.
Бұл туралы «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Сенатор шартты атаулы көмектің аясында тігін цехын жүргізіп отырған көп балалы анамен пікірлесіп, өңірдегі әлеуметтік реформалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.
«Күміс алқа» иегері Тілләгүл Тасболатқызы сенаторға үйінен ашқан цехын көрсетіп, қалай шағын кәсіпке келгенін әңгімеледі. Ол атаулы әлеуметтік көмек арқылы 6 баласына 496 мың теңге алған екен. Мемлекеттен берілген қаражатқа тігін машиналарын сатып алып жұмысын бастаған. Бүгінде күндікақсын төлеп, екі тігіншіні жұмыспен қамтып отыр. Ұлының үлкені қазір 9 сыныпқа аяқ басқан. Ал кенжесі 2 жаста. Жолдасы – сантехник.
Кездесу барысында А.Жарылқасынқызы мемлекеттік қолдау шараларының аясында көп балалы отбасылар жаңа мүмкіндіктерге ие болатынын айтып өтті. Өз кезегінде кәсіпкер базардан сауда орны керектігін айтып, халық қалаулысына өтінішін жеткізді.
Ал Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушысы Шағдат Әсетұлы аталған атаулы әлеуметтік көмекті алуға 68 мың отбасы құжат тапс