Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкенттегі №1 клиникалық ауруханасының мамандары польшалықтармен тәжірибе алмасады

Шымкенттегі №1 клиникалық ауруханасының мамандары польшалықтармен тәжірибе алмасады

Бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы және Польша мемлекеттерінің бірлескен «Оторинолорингология, аудиология және отоневрология қазіргі заманауи бағыты» атты конференция өтті, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.

Аталған конференцияда заманауи ғылыми зерттеулер ұсынылып, Оториноларингология, аудиология және отоневрология саласындағы әзірлемелер дайындалды.

Басты мақсат — талқылау және тәжірибе алмасып ашық форум өткізіп, кәсіби мамандары арасындағы біліммен алмасу. Шымкент қалалық № 1 Клиникалық ауруханасының Бас дәрігері Абылай Донбаймен, Польша мемлекетінің «Сезім органдар институты» профессоры Хенрик Скаржиньски арасында тәжірибелер алмасу мақсатында мемарандумға қол қойылды.

Конференция екі жақты сипатта және қарымқатынас аясында өтті. Сезім органдар институты (Польша), Мединкус есту және сөйлеу орталығы (Польша), бір жағынан Физиология және Есту Патологиясы институты (Польша), екінші жағынан Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасы. Бұл конференцияның жаңа идеяларды жүзеге асыруына , зерттеу және клиникалық практикадағы тың инновациялық тәсілдер алып келетініне сенімдіміз.

Пікір жазу