«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының қолдауымен қала тұрғындары көп шоғырланатын «Арбат» алаңында қалалық адвокаттар алқасы азаматтарға тегін заң көмегін беру мақсатында «Ашық есік» күнін өткізді. Шара аясында қала тұрғындарына тегін кеңестер берілді. Ашық аспан астында өткізілген акция барысында 40 жуық азамат заңға қатысты түйткілін айтып, жер дауына, жылжымайтын мүлкіне, банк қызметіне қатысты заңгерлерден мардымды жауаптар алды.
-Қазіргі кезде халықтың басым көпшілігі алимент, несие, жер дауы т.б өзге мәселелер бойынша сұрақтарға мұқтаж. Азаматтар осыған алаңдап, тығырықтан шығу үшін Адвокаттар алқасына көптеп келіп жатады. Көпшілігі өзінің құқықтары мен мүдделерінен бостандықтары бұзылған, соларды біле бермеуде. Біз тегін заңгерлік көмек көрсетіп, халыққа пайдамыз тисе дейміз. Келешекте мұндай акцияны үлкен көлемде жүргізгелі отырмыз. Осыған байланысты Шымкент қалалық әкімдігі, қалалық сот және «Nur Otan» партиясымен меморандум түзеттік, — дейді 360 астам адвокаттарды біріктіріп отырған Шымкент қалалық адвокаттар алқасының төрағасы Серік Баймұратов.
Мәселесін арқалап келген қала тұрғыны жерінің банкке өтіп кеткені туралы айтады. Ол сотқа шағымданғанымен, мәселені өз пайдасына шеше алмай дал. Ендігі іс-әрекеті туралы кеңес берген заңгер мамандары қалалық әкімдікке жер теліміне қатысты құжаттарды қайта тексертуге мүмкіндігі барын айтты. Сала мамандары осындай жобаны қолға алу арқылы азаматтардың заң саласындағы сауаттылығының артуына мүмкіндік ашамыз, деп отыр.
— Шымкент қалалық адвокаттар алқасына үлкен алғысымызды білдіреміз. «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанында қоғамдық қабылдау бөлмесінде ай сайын заңгерлер қоғамдық қабылдау өткізіп, нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Қалалық партиямен бірлесе өткізген шара одан да ары қарай жалғасын табады, — деді «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бауыржан Қуанышбеков.