Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Созақтық сақшылардың қайырлы істері

Созақтық сақшылардың қайырлы істері

Жыл сайынғы өткізілетін «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын Түркістан облысының полицейлері де қалыс қалмай жылдан жылға ұйымдастырып келеді. 2019-2020 оқу жылында көмекке мұқтаж отбасынан шыққан балаларды әлеуметтік көмекпен қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы сақшылар тарапынан ағымдағы жылдың тамызынан бастау алды.

Бұл туралы Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Бұл акцияның мақсаты – аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына қажеттіліктерін дайындап, қамтамасыз ету, оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету.
Аталмыш акция аясында Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Созақ АПБ-нің полицейлері «Мектепке жол» акциясын аудандық әкімшілік ғиамаратында ұйымдастырды. Тұрмысы төмен отбасылардың балаларын шақырып, қайырымдылық көмектерін көрсетті. Яғни, ер балалар мен қыз балаларға арналған мектеп формалары, спорттық киімдер, спорттық аяқ киімдер мен күз, қыс мезгіліне арналған жылы сырт киімдері, аяқ киімдері толығымен табысталды.
Созақ ауданы Құмкент ауылының әкімі Ғани Пәрдебекұлы, Созақ ауданы полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі К.Қамшыбековтер қатысып, ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады.
Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінің ұстаздары, сый-сияпат табысталған оқушылардың ата-аналары өздерінің атынан балаларының мектепке баруына ықпал етіп, алаңсыз білім алуына жағдай жасаған жандардың жомарттығына алғыстарын айтса, кейбіреулері қайырымды сақшылардың қайырлы істеріне ризашылығын білдіріп жатты. Аталмыш қайырымдылық акциясы алдағы уақытта да Түркістан облысының басқа да қала, аудандарында жалғасын таппақ.

Пікір жазу