Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың өкімімен Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысы болып Жанар Бектаева тағайындалды.
Бұл туралы «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Жанар Әлібекқызы 1982 жылы Жамбыл облысы, Қаратау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2003-2006 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік универсиеті саясаттанушы мамандығы және саясаттану магистрі бойынша білім алып, 2017 жылы Алматы экономика және статистика академиясының «Экономика және бизнес» факультетін тәмамдағаған.
Еңбек жолын 2004-2006 жылдары Қ.А Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент Институты «Саясаттану» кафедрасының оқытушысы болып бастаған. 2006-2013 жылдары аралығында ОҚО ішкі саясат департаменті талдау және мониторингі бөлімінің бас маманы қызметінен бастап, 2013-2014 жылдары ОҚО ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
2015-2016 жылдар аралығында ОҚО ішкі саясат және дін істері басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2016-2018 ОҚО Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, 2019 жылдың қаңтар айынан Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқарма басшысының орынбасары қызметінде болған.
Шымкент қаласының әкімі Е.Қ.Айтахановтың 2019 жылғы 22 тамыздағы өкімімен Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқарма басшысы лауазымына тағайындалды.