Түркістан облысы, Ордабасы ауданының әкімі Ә.Өсербаев 2019 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.
Баспасөз мәслихатында аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін негізгі салалар бойынша көрсеткіштерді атап өтті.
Осы ретте, Ордабасы ауданының әлеуметтiк-экономикалық жағдайы серпiндi дамып келе жатқан аудандардың бiрi ретінде 2019 жылдың 6 айында жалпы өңiрлiк өнiмi 28,3 млрд теңгенi құрап, өткен жылмен салыстырғанда 17,4 пайызға артқан. Оның ішінде өнеркәсіп саласына 32,6 пайыз (9,2 млрд.теңге), ауылшаруашылық саласына 45,8 пайыз (12,9 млрд.теңге), орындалған құрылыс жұмыстары 11,1 пайыз (3,1 млрд. теңге), тауар айналымы және қызметтерді өткізу көлеміне 10,5 пайызы (2,9 млрд. теңге) тиесілі. 2019 жылдың 6 айында жалпы өңірлік өнім көлемі жан басына шаққанда 235,1 мың теңгені құраған (2018 жылдың есепті кезеңінде 210,5 мың теңге).
Ал, ауыл шаруашылығы саласында есепті мерзімде 12 млрд. 951,5 млн. теңгенiң өнiмi өндiрiлiп, өткен жылмен салыстырғанда 101,2 пайызға орындалған. Оның iшiнде, мал шаруашылығы 12 млрд. 316,8 млн. теңгенi, нақты көлем индексі 101,3 пайызды, егін шаруашылығы 597,7 млн. теңге, НКИ 100,0 пайызды құраған.
(Ә.Ә.)
(Асхат Әссандидің фоторепортажы)