30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Еліміздің барлық аймақтарында Ата Заңымызға арналған түрлі мерекелік шаралар басталып та кетті. Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Наурыз» алаңында Конституция күніне орай мерекелік шара өтті.
Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай, қала Әкімшілігінің және Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылары, сондай-ақ, Департаменттің жеке құрамы, Ішкі істер органдарының ардагерлері, БАҚ өкілдері және әлеуметтік желі белсенділері қатысты.
Мерекелік шараны қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай құттықтау сөзімен ашып, Полиция департаментінің қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін мінсіз орындап, азаматтардың бостандықтары мен конституциялық құқықтарын қорғауда абырой биігінен көріне берулерін тілеп, жауапкершілігі мол жұмыстарына сәттілік тіледі.
Маңызы мол мерекеде Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ералы Жумаханбетовтың бұйрығымен қылмыстың алдын алуға, жолын кесуге және ашуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қамтамасыз етуге бесенді қатысқандары үшін бірқатар азаматтар марапатталды.
(Ә.Ә.)
(Азат Дидарбектің фоторепортажы)