Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Қаратауда өкен жиын

Қаратауда өкен жиын

Жуырда ғана тағайындалған Қаратау ауданының әкімі Әліқұлов Абзал Шымкентбайұлы аудандағы өзекті мәселелер бойынша жиын өткізді. Абзал Шымкентбайұлының төрағалығымен өткен жиында, ауданда орын алып отырған барлық мәселелер бойынша (атаулы әлеуметтік көмек, электр жарығы, ауыз су, табиғи газ, қоғамдық көлік, жол, тұрғын үй, көшелерді жарықтандыру, денсаулықты сақтау) жиналыс өтті.

Бұл туралы Қаратау ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қаратау ауданына қарасты Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары, Шымкент қаласы басқарма басшылары және аудандағы көп балалы аналар мен аудан белсенділерінің қатысуымен ауданда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Аудан тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтар бойынша құзырлы мекемелерден өз жауаптарын алды. Жиналыста қойылған барлық сұрақтар мен ұсыныстар аудан әкімі аппаратының бақылауында. Аталған жиын ай сайын жалғасын табатын болады.
Сондай-ақ, аудандағы қордаланған мәселелер бойынша барлық елді мекендерде жауапты мекемелердің қатысуымен жиналыстар ұйымдастырылады.

Пікір жазу