Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Елімнің еркіндігі-Ата Заңым!

Елімнің еркіндігі-Ата Заңым!

Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 24 жылдығына орай Оқушылар сарайында «Елімнің еркіндігі-Ата Заңым» атты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шараға аудан тұрғындары, кәсіпкерлер, аудан ардагерлері қатысты.


Салтанатты жиында сөз алған Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Патшаханұлы осынау мерейлі мерекемен құттықтай отырып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата заңда бекітілген Республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз-Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін және Ата Заңның 24 жылдығымен баршаңызды құттықтаймын, — деді.


Сонымен қатар, мерекелік іс-шара барысында аудандағы кәсіпкерлер мен ауданымыздың қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысқан азаматтар аудан әкімінің алғыс хатына ие болды.
Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып патриоттық тақырыпта әншілер мен бишілердің асқақтата орындаған әндеріне жиналған көпшілік тамсана тарқасты.

Пікір жазу