Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЕЛДІҢ ЕЛДІГІН АЙҚЫНДАЙТЫН – АТА ЗАҢ!

ЕЛДІҢ ЕЛДІГІН АЙҚЫНДАЙТЫН – АТА ЗАҢ!

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясысының ұйымдастыруымен 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Конституция – жасампаздық пен бірліктің кепілі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Мерекелік іс-шараға қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты.

Мәжілісті Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Муратали Калмуратов ашып берді.

Сондай-ақ, Шымкент қалалық татар-башқұрт этномәдени орталығының төрайымы Ася Мухамедованың, М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының бас маманы, социология ғылымдарының магистрі Камшат Утееваның, қалалық түрік этномәдени бірлестігі төрағасы орынбасары Бегалы Байрамовтың іргесі берік тәуелсіз мемлекетті құру, еліміздің тұрақты даму жолында Ата Заңымыздың әлеуеті жайлы хабарламалары тыңдалды.

Сонымен қатар, мерекелік жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен іске асып жатқан Ұлы Дала елінің дәстүрлеріне негізделген «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында «Жылу» қайырымдылық акциясы өткізілді. Осы орайда, ассамблея мүшелері жаңа оқу жылы қарсаңында өтіп жатқан іс-шара аясында 30-дан астам аз қамтылған, көпбалалы отбасының балаларын кеңсе-керек жарақтарымен және киіммен қамтыды.

 

(Ә.Ә.)

(Асхат Әссандидің фоторепортажы)

Пікір жазу