«Қалалық диагностикалық орталық» аккредиттеу қорытындысы бойынша Шымкент қаласының медициналық ұйымдары арасында алғашқылардың бірі болып жоғары санатқа ие болды.
Жоғары санатты сертификат-бұл денсаулық сақтау субъектісі қызметінің Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу стандарттарына сәйкестігі туралы куәландырады.
Медициналық ұйымды аккредиттеу-мекеменің пациенттерді қабылдау және емдеу үшін барлық жағдайлары бар екенін ресми тану. Ол денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға бағытталған.
«Аккредиттеудің негізгі міндеті – медициналық көмек көрсетудің сапасы және науқастар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі. Яғни, белгіленген талаптарға жауап беретін ұйым науқастың сенімінен шығады. Науқас аккредиттелген клиникалардың білікті мамандар тарапынан жоғары сапалы медициналық көмек көрсететініне сенімді. Бұл аккредиттелген медицина ұйымдары жетуі керек жоғары деңгей. Сонымен қатар, аккредиттеу медициналық мекемелерге кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету үшін мемлекеттік тапсырысты жеңілдікпен орналастыруға құқық береді.
Бүгінгі таңда диагностикалық орталықтың штатында 257 маман қызмет етуде, олардың 93-і дәрігер болса, 91 медициналық персонал. Орталықтың персоналы медициналық қызметтің сапасын арттыру мен сервистік қызмет көрсету бойынша мардымды жұмыс атқаруда. Бір тәуліктің ішінде орталыққа орта есеппен 1000 жуық адам келеді.
Айта кетейік, диагностикалық орталықта 36 бейінді маман жұмыс істеп, 350 диагностикалық және 300-ден астам зертханалық зерттеулер түрі жүргізіледі.
«Қалалық диагностикалық орталық» ұжымын қуанышты сәтпен шын жүрекпен құттықтаймыз! Қажырлы еңбектеріңіз, шебер қолдарыңыз, жомарттықтарыңыз,еңбекқорлықтарыңыз үшін шынайы алғысты қабыл алыңыздар