Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханасының материалдық базасы жаңартылды.

Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханасының материалдық базасы жаңартылды.

Тәулік бойы жұмыс істейтін ауруханадағы бөлімшелердің төсек жабдықтары 100 пайыз жаңартылып, ем алатын науқастар үшін қолайлы жағдай жасалды.

№1 Қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері А.А.Донбай ауруханаға шұғыл түрде келетін науқастарға сапалы медициналық көмек көрсетіп, қолайлы жағдай жасау мақсатында «Азала текстиль» ЖШС-нің тігін фабрикасымен бірлескен келісім шарт жасады. Екі жақты келісім негізінде бүгін ауруханада 500 орынға арналған төсек жиынтықтары жаңартылды.

«Біздің аурухана дәрігерлерінің ақылы қызметтерінен түскен қаражатқа біз «Азала Текстильден»1500 төсек-орын жинағын сатып алдық. Бұл сан үш ауысымда жетеді, бізде 455 төсек орын бар. Сатып алуға қаражат бюджетте салынған жоқ. Біз сапа мен баға критерийі бойынша таңдаймыз. Жергілікті өндірушінің өнімі ең қолайлы болды. Алдағы уақытта медициналық қызметкерлер үшін бірыңғай формаға тапсырыс беруді жоспарлап отырмыз», — дейді аурухананың бас дәрігері Абылай ДОНБАЙ.

Аурухана мен отандық өндірушілердің арасында игі бастама үшін Шымкент қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Дәрмен Данияр өз пікірін айтып, Шымкент қаласының отандық тауар өндірушілердің атынан алғысын білдірді. Шымкент қаласының медициналық мекемелерін отандық өнімді пайдалануға және кәсіпкерлерді қолдауға шақырды. Сонымен қатар осындай іс-шаралар жалғасын тапса деген тілігін білдірді.

Айта кетейік, аурухана дәрігерлері бауыр алмастыру отасын 5 сағат 42 минутта жасап, рекорд орнатты. Ал мұндай операцияға орта есеппен 12-14 сағат кетеді.

Сондай-ақ жыл соңына дейін ауруханадағы өзге де материалдық-техникалық базалар жаңартылып, ең бастысы науқастар үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін біршама оң өзгерістер жасалмақ.

 

Пікір жазу