Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байдувалиев Асхан Мархабайұлы және медицина ұйымдарының бірінші басшыларының қатысуымен жиын өтті.
Жиында АИТВ-ға ұшыраған отбасылардың жағдайы бойынша және денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің арасында стигма мен кемсітуді азайту жөніндегі іс-шаралар жөнінде «ЖИТС-тан балаларды қорғау» қайырымдылық қорының президенті Жазыкбаева Жаннета баяндама жасады.
Мұнан соң жұқпалы ауруларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы турасында қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Нурлыбаев Амангелді есеп беріп, алда атақарылатын жұмыстарға тоқтала кетті.
Сондай-ақ жиын барысында хирургиялық стационарларда көрсетілетін медициналық көмектердің сапасын арттыру жөнінде ұсынысытар талқыланды. №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Донбай Абылай шұғыл түскен науқастарға сапалы көмек көрсету үшін №2 қалалық ауруханасының дәрігерлерімен бірігіп жұмыс жасау қажетігі туралы ұсыныс айтты.
Жалпы жиын соңында Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы атап өтілген ұсынысты алдағы уақытта өз шешімін табатынын айтып, мекемелердің бас дәрігерлеріне, халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуге аса көңіл бөлу керектігі туралы бірқатар тапсырмалар берді.