Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ҰСЫНЫМДЫ ҚАРАДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ҰСЫНЫМДЫ ҚАРАДЫ

Шымкентте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департаментінің басшылығы «Ветеринарлық қызмет» МКК ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.
Кездесу Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде ұсынымдарды қарау шеңберінде өтті.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сонымен, мекеме ұжымына «ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» ММ бұрынғы басшысы И. Нақыпбеков және Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызметі» МКК ветеринариялық дәрігері О. Жолдасов тарапынан парақорлық фактілері туралы ақпарат жеткізілді. Сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің себептері де талқыланды.

Іс-шара қорытындысы бойынша алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ заңнама нормаларын сақтау жөнінде нақты шаралар қабылдау ұсынылды.
Сонымен қатар адалдық, әділдік, әдептілік және сатылмаушылық сияқты парасаттылық қағидаттарын енгізуге назар аударылды.

Айта кету керек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментімен 2019 жылдың 7 айында ҚР ҚПК 200-бабына сәйкес мемлекеттік мекемелерге 84 ұсыным жолданып, оның 72-і ұжымдарда қаралған.

Пікір жазу