Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрт бағыт бойынша жұмыстарының бірі һәм бірегейі – діни сауат ашу. Осы бағыт бойынша Шымкент қаласы өкілдігі жазғы маусымда (маусым, шілде, тамыз) атқарылған жұмыстарын қорытындылады.
Шымкент қаласының өкіл имамы Бақтыбай қажы Қыдырбайұлының жетекшілігімен 65 мешітте діни сауат ашу курстары талапқа сай жүргізіліп, онда жалпы саны 4554 тәлімгер діни һәм имандылық бағытта ілім алды. Оның 3284-і ер бала, ал 1270-і қыз бала. Бұдан бөлек, 7 жерде ұйымдастырылған жазғы лагерлерде 1200 тәлімгер қатысып, имандылыққа бет бұрды.
Тағы бір айта кететін жаңалық, Шымкент қаласы Орталық мешіт жанынан 300 балаға арналған жаңа ғимарат салынып, пайдалануға берілген болатын. Екі қабаттан тұратын ғимарат Діни сауат ашу курсын (ДСАК) жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ, ғимарат ішіндегі әрбір сынып бөлмелеріне кезінде діни қызмет атқарған бүгінде марқұм болған имамдардың есімдері берілді. Атап айтқанда, «Зейнулла қажы Ахмедов», «Асылбек қажы Төлегенов», «Бауыржан қажы Оңалбаев», «Шүкірулла қажы Мұхамеджанов», «Құттықожа қажы Халходжаев», «Жұманазар молда» т.б. дін қызметкерлерінің есімі берілді.
Сонымен қатар, тәлімгерлердің ой-өрісін дамыту үшін әрі тарихи және киелі орындарға арнайы саяхаттар мен зияраттар ұйымдастырылды.
С.Тастанбек